Орталық референдум комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы № 32/482 қаулысымен бекітілген 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылғы 27 Мамырда дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері Саран қаласы мен Ақтас кентінің учаскелік комиссияларына жеткізілді.