14 мамырда қалалық референдум комиссиясының кезекті отырысында мүмкіндігі шектеулі жандардың референдум комиссияларының үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Қалалық сайлау комиссиясы референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысу кепілдігін қамтамасыз ету және жағдай жасау мониторингін жүргізді. Республикалық референдумға Саран қаласы мен Ақтас кентінің аумағында орналасқан 20 учаскелік комиссия қатысатын болады. Қажет болған учаскелер арнайы көтергіш механизмдермен, пандустармен жабдықталған, компьютерлермен, құлаққаптармен, экрандармен және лупалармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Саран қаласы мен Ақтас кентінде 18 және одан жоғары жастағы 458 мүгедек тіркелген. Мүмкіндігі шектеулі адамдар учаскелер бойынша тіркеу фактісі бойынша қол қойды. Сонымен қатар, дауыс беру күні мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін дауыс беру үй-жайынан тыс жерде дауыс беру ұйымдастырылады.