Республикалық референдумға дайындық және оны өткізу кезінде халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Қоса беріліп отырған Республикалық референдум алдында үгіт жүргізу кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар бекітілсін.
2.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етсін.
3.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссиялары осы қаулыны жұмыста пайдалануды қамтамасыз етсін.
4.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова |