2022 жылғы 11 мамырда қалалық референдум комиссиясы қала төрағалары мен хатшылары үшін оқыту семинарын өткізді

2022 жылғы 11 мамырда қалалық референдум комиссиясы қала төрағалары мен хатшылары үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында 2022 жылдың 5 маусымына тағайындалған республикалық референдумды өткізу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. "Республикалық референдум туралы"Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының негізгі ережелері жария етілді.

Республикалық референдумды дайындау мен өткізу, қаржыландыру, электоралдық оқытуды ұйымдастыру, дауыс беруді бақылау процесінің ерекшеліктеріне, сондай-ақ референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша қалалық референдум комиссиясының мүшелері семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
11 мая 2022