Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 42/01 қаулысына сәйкес азаматтармен кездесу өткізуге арналған үй-жайлардың және үгіттік баспа материалдарын орналастыру, атап айтқанда, ақпараттық-насихаттық топтардың халықпен кездесуіне арналған орындардың тізбесі белгіленді.
Осы қаулыға сәйкес Саран қаласында кездесуге арналған үй – жайлар болып:
- Қарағанды облысы білім басқармасы Саран қаласы білім бөлімінің «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының акт залы (Саран қаласы, Чкалов көшесі, 3 үй, телефоны 74611, 74355);
- «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» коммуналдық қазыналық кәсіпорнының кіші залы (Ақтас кенті, Кржижановский көшесі, 16-а үй, телефоны 55061, 55044) белгіленді.
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар белгіленді:
- Саран қаласында – Жеңіс көшесі мен Ленин даңғылының қиылысындағы алаң;
- Ақтас кентінде – Первомайская көшесі, 16 үйдегі дүкеннің жанындағы алаң.
Қалалық референдум комиссиясының төрағасы К. Омаров