2022 жылғы 8 мамырда қалалық референдум комиссиясының отырысы өтті, оның барысында қалалық референдум комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаров "республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының негізгі ережелеріне түсіндірме берді, республикалық референдумға дайындық және оны өткізу барысында Саран қалалық референдум комиссиясының жұмыс жоспары бекітілді. Дайындық жұмыстарын үйлестіру үшін комиссия мүшелері Ақтас кенті мен қаланың референдум учаскелеріне бекітілді. Комиссия мүшелерін оқыту жоспары бекітілді.