2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы №2592 Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2.Аумақтық референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға

Н. Әбдіров

Хатшы

М. Ерман

 

Нұр-Сұлтан қаласы,

2022 жылғы 6 мамыр,

№ 32/482

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық референдум комиссиясының

2022 жылғы 6 мамырдағы 32/482

қаулысымен бекітілген

 

 

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

         1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау

 

 

Аумақтық референдум комиссиялары

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды  жариялау

 

Тиісті әкімдер

Референдум тағайындалғаннан  кейін он күннен кешіктірмей

2022    жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

          3. Республикалық референдум алдындағы үгіт

 

 

 референдум тағайындалғаннан кейін басталады және

2022 жылғы 4 маусымда нөл сағатта аяқталады

 

           4. Шешіммен учаске құрылған әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн учаскелiк референдум комиссияларына акт бойынша ұсыну 

 

Тиісті әкімдер

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

           5. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей

 

          6.  Жекелеген  референдум  учаскелерiнде  дауыс  берудiң  басталуы  мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi азаматтарға жеткiзу

 

 

Аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

 

           7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру  күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

(26–б.  1–т.)

 

          8. Референдумның учаскелік комиссияларына дауыс беруге арналған  бюллетеньдерді жеткізу

 

Аумақтық референдум комиссиялары

Референдум өткізуге жеті күн қалғанда

2022 жылғы 28 мамырдан  кешіктірмей

(27-б.  5-б.)

 

           9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Егер дауыс берудің басталуына басқа уақыт белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 

 

           10. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

 11. Референдум  учаскесінде  дауыстарды  санау  және  дауыс  беру нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады .  Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс

 

           12. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгіленген орында орналастыру

 

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           13. Референдум учаскесiнде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиiстi аумақтық референдум комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның нәтижелерін шығару

 

Аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс берілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

(22-б. 1-т.7-тт.)

           15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы референдум нәтижелері туралы хаттаманы Орталық референдум комиссиясына ұсыну

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссиялары

Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

 

             16. Референдум қорытындыларын шығару және бұқаралық  ақпарат  құралдарында  референдум  қорытындылары туралы ресми хабарды жариялау

 

Орталық референдум комиссиясы

Референдум өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2022 жылғы 12 маусымнан кешіктірмей

(31, 33-б.)

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріліп отыр.

Дата публикации
08 мая 2022