2022 жылғы 5 мамырда қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, оның барысында комиссиялар құрамдарына мониторинг жүргізу нәтижелері туралы мәселе қаралды. Мониторинг барысында комиссиялардың бірқатар мүшелері объективті себептер бойынша, атап айтқанда, үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалысқа, өз қалауы бойынша міндеттерден босату туралы өтініш беруге байланысты олардың құрамынан кеткені анықталды.
Қолданыстағы сайлау заңнамасына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерін шығару және учаскелік комиссиялардың жаңа мүшелерін Саран қалалық мәслихатының кезекті сессиясында сайланғанға дейін тағайындау туралы шешім қабылданды.