2022 жылғы 10 наурызда Саран қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті

2022 жылғы 10 наурызда Саран қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаров комиссиялардың бірқатар мүшелері объективті себептер бойынша, атап айтқанда Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына, қаладан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, өз қалауы бойынша міндеттерден босату туралы өтініш беруіне байланысты олардың құрамынан шыққанын баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселені тыңдап және талқылағаннан кейін комиссия: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 19-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерін шығару және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлауға дейін Саран қалалық мәслихатының кезекті сессиясында тағайындау туралы шешім қабылдады.

Дата публикации
10 марта 2022