2022 жылғы 16 ақпанда Саран қалалық сайлау комиссиясы Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы жариялаған Дүниежүзілік сайлау күніне арналған акцияны өткізу қорытындысын шығарды.
Акция барысында қалалық сайлау комиссиясының мүшелері қала колледждері мен мектептерінде ақпараттық, сынып сағаттарын, дөңгелек үстелдер, қала кітапханаларымен оқырман конференцияларын, жас және болашақ сайлаушылармен, жастар қозғалысының көшбасшыларымен – қаламыздың тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Барлық өткізілген іс - шаралардың негізгі мақсаты-жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, сайлаудың маңыздылығын және өз таңдауы үшін жауапкершілікті сезіну, сайлау процесіне белсенді қатысу дағдыларын қалыптастыру.