2022 жылғы 11 Ақпанда Саран қаласының Мәдениет үйінде "Дүниежүзілік сайлау күні" облыстық акциясын өткізу шеңберінде қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаров ресурстық жастар орталығының өкілдерімен, қаланың жастар көшбасшыларымен, "Жас Отан" жастар қанатының және "Жігер"жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында сайлау бостандығы, сайлау құқығының принциптері, сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сөз соңында Қ.Қ. Омаров кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қаланың жастар көшбасшыларын қоғамдық өмірге және сайлау науқандарын дайындау мен өткізуге белсенді қатысуға шақырды.