2022 жылғы 11 Ақпанда Саран техникалық колледжінде "Дүниежүзілік сайлау күні" облыстық акциясын өткізу шеңберінде болашақ сайлаушы - колледж студенттері үшін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаровпен "Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту"тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында Қ. Қ. Омаров студенттерге еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының негізгі ережелері: сайлау құқығының принциптері, сайлау органдары, дауыс беру тәртібі, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау бостандығының кепілдіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сайлау науқаны кезінде қаланың сайлау комиссияларының жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Кездесуге қалалық мәслихат депутаты М. М. Мамирова қатысты.