2022 жылғы 9 ақпанда Саран қаласының "№ 2 жалпы білім беретін мектеп" КММ "Дүниежүзілік сайлау күні" облыстық акциясын өткізу шеңберінде болашақ жоғары сынып оқушылары үшін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Қ. Омаровтың қатысуымен "сайлау мемлекетті қалыптастыру құралы ретінде" атты дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында Қ.Қ. Омаров оқушыларға Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысу принциптері, сайлау органдарын қалыптастыру, сайлаушылар тізімін жасау, дауыс беру тәртібі мен ережелері, сайлау алдындағы үгіт және сайлау бостандығының кепілдіктері туралы айтып берді. сөз соңында Қ. Қ. Омаров жоғары сынып оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, оларды еліміздің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, "№ 1 мектеп - лицей" КММ – де және "№ 17 мектеп-гимназия" КММ-де жоғары сынып оқушылары үшін бірыңғай сынып сағаттары өтті, оларды дайындауға және өткізуге қалалық сайлау комиссиясының мүшесі Л. А. Насырова қатысты.