2022 жылғы 7 ақпанда "Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі" КМҚК "Дүниежүзілік сайлау күні" облыстық акциясын өткізу шеңберінде Саран қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаровтың қатысуымен Жас сайлаушылармен "таңдау және сайлану Конституциялық құқығы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жас және болашақ сайлаушылармен кездесу барысында сайлау заңнамасының конституциялық негіздерінің өзекті мәселелері, жастардың электоралдық – құқықтық мәдениетін арттыру, сайлаудағы жас сайлаушылардың белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Нәтижелі пікір алмасу өтті. Соңында Қ. Қ. Омаров дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.