Саран қаласында 2022 жылғы 4 ақпанда "Дүниежүзілік сайлау күні" акциясы аясында Орталық қалалық кітапханада қала жастары үшін ақпараттық сағат өткізілді

Саран қаласында 2022 жылғы 4 ақпанда "Дүниежүзілік сайлау күні" акциясы аясында Орталық қалалық кітапханада қала жастары үшін ақпараттық сағат өткізілді. Қалалық сайлау комиссиясының мүшесі Мартель Л.А. қатысушыларға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты елдің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері, сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттыру және жас сайлаушылардың демократиялық құндылықтарды ұстануын қалыптастыру туралы айтып, қоғамдық-саяси әдебиеттің жаңалықтарымен таныстырды. Саран қаласының жас сайлаушылары облыстық сайлау комиссиясының "Дүниежүзілік сайлау күні" акциясын өткізу туралы бастамасын қолдады және оған белсенді қатысты.

Дата публикации
04 февраля 2022