2022 жылғы 13 қаңтарда қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаров қалалық комиссияның 2021 жылғы жұмысы туралы есеп беріп, комиссия мүшелерінің қарауына Саран қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Талқылаудан және ұсыныстар енгізілгеннен кейін комиссияның 2021 жылғы жұмысы туралы есеп және комиссияның 2022 жылғы жұмыс жоспары бекітілді.