2021 жылғы 26 тамызда комиссия қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселесі бойынша Саран қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2021 жылғы 26 тамызда комиссия қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселесі бойынша Саран қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия хатшысы Е.И. Бородина 2021 жылы жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының, Ақтас кенті әкімінің сайлауын дайындау және өткізу барысында қалалық сайлау комиссиясының барлық қажетті материалдары, құжаттары, шешімдері мерзімі бойынша "Саран газеті" қалалық газетінде жарияланғанын және Саран қалалық сайлау комиссиясының сайтында орналастырылғанын баяндады.

2021 жылдың басынан бастап қалалық сайлау комиссиясының сайтында 50 ақпараттық материал орналастырылды, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаровтың сайлау тақырыбы бойынша "Саран газеті" Саран қалалық газетінде 12 мақаласы жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Дата публикации
26 августа 2021