2021 жылғы 11 қарашада қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті, оның барысында қалалық сайлау комиссиясының сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі қызметі туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық сайлау комиссиясының мүшелері комиссия хатшысы Е.И. Бородинаның ақпаратын тыңдап, 2021 жылы сайлауды ұйымдастырушылар мен сайлау процесіне қатысушыларды оқыту жоспарына және қалалық сайлау комиссиясының ақпараттық-түсіндіру қызметінің іс-шаралар жоспарына сәйкес БАҚ-та және комиссияның ресми сайтында сайлаушылар мен сайлау комиссиялары мүшелерінің құқықтық мәдениетін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады.
Бұл жұмысқа Парламент Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын және Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау науқандары кезінде ерекше назар аударылды.
Жоғарыда аталған сайлауға дайындық жоспарларына сәйкес сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту жоспарлары жасалды. Жалпы 50 семинар өткізілді.
Бұдан басқа, комиссия бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға көп көңіл бөледі.
2021 жылдың басынан комисси сайтында қалалық сайлау комиссиясының жұмысы туралы 56 мақала жарияланды.
2021 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша Саран қалалық "Саран газеті" газетінде "қалалық сайлау комиссиясы хабарлайды" тұрақты айдары ашылды, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаровтың сайлау тақырыбы бойынша 14 мақаласы жарияланды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.