2021 жылғы 8 тамызда Саран қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда Саран қаласының Ақтас кенті әкімінің 2021 жылғы 25 шілдедегі өткен сайлауының қорытындылары қаралды. Отырыс барысында комиссия төрағасы Қ.Қ. Омаров мұндай сайлау елімізде алғаш рет өткенін, оған дайындық барысында Комиссия үлкен жұмыс жүргізгенін баяндады. Нәтижесінде, дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиялары үйлесімді және нақты жұмыс істеді. Комиссия жұмысына шағымдар мен өтініштер болған жоқ.
Жалпы, Ақтас кенті әкімінің сайлауы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес сапалы, ұйымдасқан түрде өтті.