Көпшілік тыңдаулар 2021 жылғы 16 қыркүйек, сағат 12:00-де, Қарағанды облысы, Сарань қаласы, Жеңіс көшесі 34 (кабинет № 218) мекенжайы бойынша, сондай-ақ Facebook әлеуметтік желісі (https://www.facebook.com/dkrem.krg) Zoom конференциясы арқылы (https://zoom.us/j/2415502078?pwd=QWp V NDVzeHNDNlZhNGRLZ1BBd3NYdz09 сәйкестендіру нөмірі: 2415502078 код доступа: 123456) арқылы онлайн режимде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес ұсынылған №121 қазандық бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметтеріне тариф пен тарифтік сметаны бекітуге "Найденко К.С." ЖК-ның өтінімдерін қарау бойынша жария тыңдау өткізеді.
Жария тыңдауға қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаған, азаматтар қатыса алады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23 шілде 2021 жылғы №23 қаулысының 2-қосымшасы негізінде жария тыңдауларға қатысушыларға қойылатын орындалуы тиіс талаптар:
1)ПТР әдісімен COVID-19 тестілеудің теріс нәтижесінің болуы, оны алған сәттен бастап 3 тәуліктен аспауы тиіс;
2)жария тыңдау өткізілетін ғимаратта болған барлық кезеңде респираторлық типтегі медициналық маскаларды пайдалану;
3)әлеуметтік қашықтықты сақтау;
4)қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа түрлерін алып тастау.