Саран қалалық сайлау комиссиясы еске салады

Саран қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 32-бабына сәйкес сайлау күні (2021 жылғы 25 шілде) және оның алдындағы күні (2021 жылғы 24 шілде) кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынатынын еске салады. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрын ілінген баспа үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет - ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.

Дата публикации
24 июля 2021