2021 жылғы 23 шілдеде Саран қаласында Қала әкімінің қатысуымен Саран қалалық сайлау комиссиясының қорытынды отырысы өтті

2021 жылғы 23 шілдеде Саран қаласында қала әкімінің, қалалық сайлау комиссиясы мүшелерінің, учаскелік сайлау комиссиялары төрағалары мен хатшыларының, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері, полиция бөлімі және ТЖ бөлімі басшыларының қатысуымен Саран қалалық сайлау комиссиясының қорытынды отырысы өтті, оның барысында 2021 жылғы 25 шілдеде Ақтас кенті әкімінің сайлауын өткізуге дайындығы туралы басшылардың есептері тыңдалды. Қорытындысында учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері берілді. Қаланың барлық комиссиялары мен қызметтері дауыс беруге дайын.

Дата публикации
23 июля 2021