2021 жылғы 20 шілдеде Саран қалалық сайлау комиссиясының мүшелері учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кеңестер өткізді

2021 жылғы 20 шілдеде Саран қалалық сайлау комиссиясының мүшелері өздеріне бекітілген сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен облыстың бас санитарлық дәрігерінің «Сайлауда дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу алгоритмі» талаптарын сақтау тұрғысынан кеңестер өткізді. Барлық бес сайлау учаскесі қажетті мөлшерде жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгені, оларда стендтер, изоляторлар, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге арналған бөлмелер жабдықталғаны анықталды. Барлық сайлау учаскелері облыстың бас санитарлық дәрігерінің іс-қимыл алгоритмінің талаптарына сәйкес келеді және 2021 жылғы 25 шілдеде дауыс беруге дайын.

Дата публикации
20 июля 2021