Таңғы сағат жетіден бастап Ақтас кентінде сайлау учаскелері ашылды. Бүгін алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтуде.
Бұл ауыл әкімдерінің сайлауының айырмашылығы-бұрынғыдай мәслихат депутаттары емес, тұрғындардың өздері таңдайды. Ауыл әкімдері төрт жылға сайланады.
8 сағат ішінде 178 сайлаушы немесе 2.7% өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асыруға келді.