Саран қаласында 15 шілдеде Ақтас кентінің әкімдігіне төрт кандидат сайлау алдындағы үгітті жүргізуге кірісті.

Саран қаласында 15 шілдеде Ақтас кентінің әкімдігіне төрт кандидат сайлау алдындағы үгітті жүргізуге кірісті. Сайлау 25 шілдеде өтеді. Сайлаушылармен кездесулер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Барлық кандидаттарға тең жағдай жасалған. Сайлаушылармен кездесу орындары мен үгіт материалдарын орналастыру орындары айқындалды.

Кандидат өзінің үгіт – насихатын қалай жүргізу керектігін өзі шешеді: сайлаушылармен жеке кездесу немесе сенім білдірілген адамдары арқылы - бұл әркімнің құқығы. Барлық сайлау учаскелері дайындалып, қажетті заттармен толық қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі адамдар өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыра алуы үшін барлық жағдай жасалған. Сайлаушылар сайлаудың өтетін орны мен уақыты туралы хабарламалар алды.

Дата публикации
18 июля 2021