2021 жылғы 17 шілдеде Саран қалалық сайлау комиссиясында сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған кезекті семинар-тренинг өтті.

2021 жылғы 17 шілдеде Саран қалалық сайлау комиссиясында сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған кезекті семинар-тренинг өтті.

Семинар сайлау процесіне қатысушылардың сайлау-құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде өткізілді.

Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: «Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық негіздері», «Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқаудың құқықтық негіздері».

Семинар барысында сайлауды өткізудің ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелері егжей-тегжейлі қаралып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында белгіленген байқаушылардың өкілеттіктерін іске асыру мәселелері түсіндірілді.

Семинар соңында қалалық сайлау комиссиясының мүшелері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
17 июля 2021