Оқыту семинарының жұмыс жоспарына сәйкес Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауын дайындауға және өткізуге қатысатын учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары сайлау комиссияларының мүшелерін жүйелі оқыту жүргізуде. 2021 жылғы 16 шілде ахуалы бойынша сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша 6 семинар – практикум өтті, негізгі құжаттарды, хаттамаларды, дауыс беру қорытындылары бойынша актілерді жасау және толтыру бойынша практикалық сабақтар өтті. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.