Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2021 жылғы 9 шілдеде Саран қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы» шешім қабылданды.

Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы                         К.К. Омаров баяндама жасады.

Ол 2021 жылғы 26 маусымнан 9 шілде аралығындағы кезеңде Ақтас кентінің әкімдігіне барлығы төрт кандидат ұсынылғанын хабарлады.

Олардың  екеуі і саяси партиялардан, екеуі өзін - өзі ұсыну тәртібімен. Ұсынылған кандидаттардың ішінде төрт ер адам.

Үміткерлердің орташа жасы 44 жасты құрайды. Ең жас үміткер 30 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас – 58 жаста.

Кандидаттар арасында үш мемлекеттік қызметші бар, біреуі-еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткер.

Қазіргі уақытта Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылғы 14 шілдеге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
10 июля 2021