2021 жылғы 9 шілдеде Саран қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы мәселе қаралды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, комиссия Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттар ретінде:
өзін-өзі ұсыну жолымен, Саран қаласында тұратын, «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, 1991 жылы туған Бакытбек Кенжебекович Ақпаровты;
өзін-өзі ұсыну жолымен, Қарағанды қаласында тұратын, Саран қаласы әкімінің орынбасары, 1963 жылы туған Алмас Рымкулович Сулейменовті тіркеу туралы шешім қабылдады.
Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді.