2021 жылғы 7 шілдеде Саран қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне кандидатты тіркеу туралы мәселе қаралды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, сайлау комиссиясы «Nur Otan» партиясынан ұсынылған, Қарағанды қаласында тұратын, Ақтас кенті әкімінің орынбасары, 1988 жылы туған Бауыржан Заруханович Акановты Ақтас кентінің әкімдігіне кандидат ретінде тіркеуге шешім қабылдады.
Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді.