Ақпараттық хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімідігіне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайызы дауысымен қолдау табуы тиіс. Сайлаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Қол жинауды кандидаттың сенім білдірген адамдары ұйымдастырады және ол қол қою парақтарымен ресімделеді. Қазіргі уақытта Ақтас кентінің әкімдігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдары оларды қолдау үшін қол жинау жұмыстарын жүргізуде.

Дата публикации
06 июля 2021