Ақпараттық хабарлама

2021 жылғы 3 шілде ахуалы бойынша Саран қалалық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 103-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне сайлауға кандидат ретінде ұсынуға үш үміткердің құжаттары ұсынылды.

Саран қалалық сайлау комиссиясы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау жіберу негізінде анықтады.

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусымнан бастап 9 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Дата публикации
04 июля 2021