САРАН ҚАЛАСЫ АҚТАС КЕНТІНІҢ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағына, Саран қалалық сайлау комиссиясының «Саран қаласына қарасты Ақтас кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы»  2021 жылғы 25 маусымдағы № 14 шешіміне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға шарттық негізде баспа алаңын ұсынады.

«Саран тынысы» ЖШС «Саран газеті» қалалық газетіндегі баспа алаңының 1 шаршы сантиметрінің құны 65 теңгені құрайтынын хабарлайды. Газет бетінен баспа алаңын беру саяси партияға баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы газетпен жасалған жазбаша шарттың негізінде жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихатты қамтитын материалдарда қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

«Саран тынысы» ЖШС

Дата публикации
03 июля 2021