Ақпараттық хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 103-бабына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдесінде Саран қалалық сайлау комиссиясына 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне сайлауға кандидат ретінде ұсынуға бір үміткердің құжаттары ұсынылды.

Саран қалалық сайлау комиссиясы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне сайлауға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау жіберу негізінде анықтайды.

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Саран қаласы Ақтас кентінің әкімдігіне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусым мен 9 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

Дата публикации
01 июля 2021