Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтің әкімі болып сайлану үшін кандидат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және «Мемлекеттік қызметі туралы» заңнамада көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
1) Конституциялық заңның талаптары: заңда белгіленген тәртіппен танылған әрекет қабілеттілігі, соттылығының болмауы және сыбайлас жемқорлық қылмыс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың болмауы.
2) «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптары:
- Қазақстан Республикасының Азаматтығы;
- 25 жасқа толған.
Жаңа норма: бір адам бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.
Азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауға болмайтын шектеулер бар (16-баптың 3-тармағы).
Мысалы:
- сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдар атқару құқығынан айырған.
- Кандидат мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған: Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда.
- осы лауазымға (санаты E-R-1) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі.
Кандидаттардың құжаттары сайлау комиссиясына тіркеуге келіп түскен кезде олар арнайы тексеру жүргізу үшін дереу Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберіледі.
К. Омаров,
қалалық сайлау комиссиясының төрағасы