Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары

Саран қалалық сайлау комиссиясының  

2021 жылғы 25 маусымдағы

№ 14 шешіміне қосымша

 

Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары

1. Аудандық маңызы бар қалалардың,  ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Қалалық сайлау комиссиялары

2021 жылғы 25 маусым

(113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

 (22-б.)

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей  

 (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей -2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Саран қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде -2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (113-3-б. 1-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

 (4-б., 113-5-б., 11-т. 2) т.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қалалық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Тиісті сайлау комиссияларына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2021 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 4-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және қалалық сайлау комиссиясы

тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                  

 

Саран қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2021 жылғы 5 шілдеге дейін

 (24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2021 жылғы 10 шілдеге дейін

 (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 15 шілдеге дейін 

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2021 жылғы 22 шілдеден ерте емес және 24 шілдеден кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау         

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақыт бойынша  сағат  06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей

 (113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей

 (44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2021 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
29 июня 2021