«Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) материалдары бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы жұртшылықты хабардар етеді, жоба деңгейі «Саран қаласында қазандықтың құрылысы (аяқталмаған құрылыс). Түзету енгізу».
Қоғамдық тыңдаулар 2021 жылғы 04 тамызда сағат 15.00-де ZOOM конференц байланысы арқылы онлайн режимінде өтеді. Қатысушыларды тіркеу 04.08.2021 ж.сағат 14:45-тен басталады. Қоғамдық тыңдауларға кіру және қатысу үшін ZOOM конференциясына кіру қажет: конференция идентификаторы – 459 991 9715, кіру коды: akimat2021.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты орган: «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ, байланыс телефоны 8 (72137)74000
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты адамның байланыс деректері: sar_apparat@krg.gov.kz
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган: «Мемсараптама» РМК.
Жобаға тапсырыс беруші: «Саран қаласының құрылыс бөлімі» ММ, Саран қ., Жамбыл көш., 67, тел.: 8(72137)7-39-19.
Жобаны әзірлеуші: «Құрылысэкспертпроект» ЖШС, Қарағанды қ., Ерубаев көш., 5а, тел.: 8(7212)43-24-51.
ҚОӘБ материалдарының электрондық нұсқасы және сауалнама парағы 29.06.2021 ж. бастап «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ келесі мекенжай бойынша орналастырылады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-saran.
Құжаттармен қағаз түрінде танысып, ескертулер мен ұсыныстарды Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67 мекенжайы бойынша Саран қаласы әкімдігінің ғимаратында қалдыра аласыз.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар мына электрондық мекенжайға қабылданады: sar_apparat@krg.gov.kz, saranstroy@mail.ru.
Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.