Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33, 37 - баптарын басшылыққа алып, Саран қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1.Саран қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен келісім бойынша осы шешімнің қосымшасына сәйкес Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша сайлау учаскелері құрылсын.

2.«Сайлау учаскелерін құру туралы» Саран қаласы әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5044 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 желтоқсанда   №  99 (1077) «Саран газеті» қалалық газетінде, 2018 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3.Осы шешімнің орындалуын бақылау «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кайырбек Даниярға жүктелсін.

Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Саран қаласының әкімі

 

Е. Темирханов

 

 

Дата публикации
28 июня 2021