Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2021 жылғы 25 маусымда Саран қалалық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» шешім қабылданды.

А.ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулерге қол қойды. Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.

Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы баяндамамен Саран қалалық сайлау комиссиясының төрағасы К.К. Омаров сөз сөйледі.

Оның айтуынша, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 2021 жылдың 26 маусымы басталады және сайлау өтетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 2021 жылдың 9 шілдесінде аяқталады.

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 2021 жылғы 14 шілдеде сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын аяқталады.

Сайлау қорытындылары қалалық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

Отырыстан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өтті, онда сайлау комиссиясының мүшелері БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
25 июня 2021