Қарағанды облысы
Саран қалалық сайлау комиссиясының
2021 жылғы 25 маусымдағы № 14
ШЕШІМІ
Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Саран қалалық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1. Саран қаласының Ақтас кентінде Ақтас кенті әкімінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын.
2. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Саран қаласы Ақтас кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін:
- әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусымда басталып, 2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады;
- әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.
3. Осы шешім Саран қалалық сайлау комиссиясының интернет-парағында және қалалық «Саран газеті» газетінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының төрағасы К. Омаров
Сайлау комиссиясының хатшысы Е. Бородина