2021 жылы 15 маусымда Саранск қалалық сайлау комиссиясының мүшелері семинар-кеңеске қатысты

2021 жылғы 15 маусымда Саран қалалық сайлау комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.Щегорцованың, ОСК аппаратының қызметкерлері Г. Кембаева мен М. Каныбековтың, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен «Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы» семинар-кеңеске қатысты.

Семинар-кеңес барысында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ пандемия жағдайында әкімдер сайлауын өткізу мәселесі қаралды.

Семинар қорытындысы бойынша сындарлы диалог өтті, оның барысында ОСК мүшелері сайлау комиссиялары мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Дата публикации
17 июня 2021