Саран қалалык мәслихатының «Саран қаласы және Ақтас кенті бойнша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» шешіміне ПРЕСС-РЕЛИЗ

Саран қалалык мәслихатының «Саран қаласы және Ақтас кенті бойнша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» шешімінің жобасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес және «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығы негізінде әзірленген.

Мәслихаттың осы шешімі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері шығыстардың мөлшері туралы шешім қабылдамаған немесе меншік иелері бұрын тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған төлемді бекіту туралы шешім қабылдаған көппәтерлі тұрғын үйлерде қолданылады, ол өкілді орган белгілеген үйге ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төменгі мөлшерін белгілеу мақсатында әзірленді.

Бұл Жоба азаматтардың заңды құқықтар мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық кері салдарға әкеп соқпайды.

Жоба мүдделі ұйымдармен келісілген.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6732589

Дата публикации
04 февраля 2021