Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2021 жылғы 26 ақпандағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасын орындау үшін

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 26 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген қажетті объектілерге мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кедергісіз кіруін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін және Ақтас кенті әкімінің сайлауын өткізуге дайындық мақсатында 2021 жылғы жаз айында Саран қалалық сайлау комиссиясының мүшелері Саран қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп, алдағы сайлауға мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың қатысуы үшін жағдай жасау бойынша сайлау учаскелеріне мониторинг жүргізді. Ақтас кентінің барлық бес сайлау учаскесі мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін қолжетімді.

Дата публикации
20 мая 2021