2021 жылғы 22 сәуірде Саран қалалық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия мүшелері қалалық сайлау комиссиясының сайтын Интернет желісінде сүйемелдеу және ақпараттық толықтыру туралы мәселені қарады.
Қалалық сайлау комиссиясының хатшысы Е.И. Бородина «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес сайлау комиссияларының жұмысы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және электрондық ақпараттық порталдарда орналастыру қажет екенін баяндады, осыған байланысты қала әкімі аппаратының сайтында Саран қалалық сайлау комиссиясының арнайы қосымшасы жасалды.
2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу барысында қалалық газетте және осы сайтта заң бойынша талап етілетін барлық ақпарат: округ пен учаскелердің шекаралары, сайлау комиссияларының құрамдары, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу жөніндегі хаттамалар, сайлаушылар тізімдерін салыстыру туралы ақпараттық хабарламалар, сайлау қорытындылары және сайлауға қатысқан партиялардың сайлау қорлары туралы ақпарат жарияланды.
Сонымен қатар, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаров 2021 жылғы наурызда қалалық газетте және комиссия сайтында қалалық комиссияның жұмысы туралы мақала жариялады. Алдағы уақытта қалалық сайлау комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты тұрақты орналастыру жоспарланып отыр. Осы жұмысты жандандыру мақсатында комиссия мүшелері газетте жарияланымдардың күнтізбелік тақырыптық жоспарын құруды және сайтта сайлау заңнамасы мәселелері бойынша мақалалар мен мәліметтерді орналастыруды, бұл жұмысты бақылауға алуды және оны бекітілген жоспарға сәйкес жүргізуді ұсынды.