Саран қалалық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 8 сәуірде комиссияның кезекті отырысы өтті, онда учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Омаров Саран қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазанда өткен, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралған соңғы сессиясынан кейін өткен кезеңде комиссиялардың бірқатар мүшелері объективті себептермен комиссияның құрамынан шыққаны туралы баяндады. 2021 жылғы жаз айында ауыл, кент әкімдерін сайлауға дайындыққа байланысты қалалық мәслихатпен бірлесіп, дайындық жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы сайлау заңнамасына сәйкес мәслихат сессиясында шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау қажет.