«Қарағанды облысының Саран қаласының индустриялық аймағына ауыз су және техникалық сумен жабдықтаудың сыртқы желілері мен кәріз жүйелерін салу»

2021 жылғы 9 наурызда  сағат 11:00-де Zoom платформасындағы бейнеконференциялық байланыс арқылы онлайн режимінде «Қарағанды облысының Саран қаласының индустриялық аймағына ауыз су және техникалық сумен жабдықтаудың сыртқы желілері мен кәріз жүйелерін салу» жұмыс жобасы бойынша  қоршаған ортаға әсерді бағалау бөліміне қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Онлайн конференцияға тіркелу қоғамдық тыңдалым басталғанға дейін 10 минут бұрын басталады.

Конференцияға қосылуға қатысты сұрақтар бойынша 8(7212) 95 55 72 нөміріне және (info@qaztehna.kz) электрондық мекенжайына хабарласу қажет.

Жобаға тапсырыс беруші: «QazTehna» ЖШС.

Экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган - Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Жоба әзірлеушісі: «Авангард-ОК» ЖШС.

Мүдделі қоғамдастықтың ескертулері мен ұсыныстары қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мына мекенжай бойынша қабылданады: sholpik-@mail.ru.  

Дата публикации
08 февраля 2021