13 қазан күні сағат 18.00-де Саран қаласында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі Саран қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста Мемлекет басшысының 12 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 29 қарашаға Орталық сайлау комиссияларының отырысында барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауды тағайындауға байланысты мәселелер қаралды.
Саран қалалық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, кандидаттарды ұсыну кезеңіне арналған округтік сайлау комиссияларының жұмыс режимі бекітілді.
Жалпы, 14 қазаннан бастап бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес Саран қалалық мәслихатына бірмандаттық сайлау округтері бойынша депутаттыққа кандидаттарды ұсыну басталады.
Кандидаттарды ұсыну 27 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-де аяқталады.
Үгіт-насихат кезеңі 1 қарашада сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады.
Сайлауды дайындау және өткізу шеңберінде Саран қаласында 33 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады, оның құрамына комиссияның 215 мүшесі кіреді.
Саран қалалық мәслихатына барлығы 11 депутаттық мандат көзделген.
Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихатқа депутаттарды сайлау бойынша бірмандаттық 11 сайлау округін құрды.
Бүгінгі таңда қалада 20 сайлау учаскесі, оның ішінде азаматтар уақытша болатын 2 учаске жұмыс істейді.