|
САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ КОМИССИЯСЫ
|
|
ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ГОРОДА САРАНИ |
|
ҚАУЛЫ |
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ |
13.10.2026 ж. № 01
Саран қаласы город Сарань
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған
Саран қаласы мәслихаты депутаттарының
кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу
жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/98 қаулысына сәйкес, Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Саран қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Бекітілген Күнтізбелік жоспар бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Саран қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауын өткізуді ұйымдастыру үшін қалалық округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Осы қаулы Саран қаласы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылсын.
Комиссия төрағасы А. Абильдин
Комиссия хатшысы Д. Кусаинова