«KamaTyresKZ» ЖШС қала тұрғындарына «Қазақстан Республикасында Шина өндірісін ұйымдастыру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің (ТЭН) құрамында қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (Қоәбд) материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2021 жылғы 25 қаңтар сағат 11.00-де ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өтеді. Қатысушыларды тіркеу 2021 жылғы 25 қаңтар күні сағат 10:30-дан басталады. Қоғамдық тыңдауларға кіру және қатысу үшін ZOOM конференциясына кіру қажет: конференция идентификаторы – 459 991 9715, кіру коды: akimat.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты орган: «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ, байланыс телефондары 8(72137)74000
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері: sar_apparat@krg.gov.kz.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган: «Мемлекеттік сараптама» РММ.
Жобаға тапсырыс беруші: «KamaTyresKZ» ЖШС, 101200, Қазақстан, Қарағанды облысы, Саран қ., 046 есептік кварталы, 329 ғимарат, тел. +7(701)5039351, e-mail: n.yelizarova@allurauto.kz
Жобаны әзірлеуші: «ОНХП» ЖАҚ, Ресей, Омбы қ., 644050, Бульвар Инженеров,1. Тел.: (3812)-28-55-34, www.onhp.ru, e-mail: postoffice@onhp.ru.
ҚОӘБ материалдарының электрондық нұсқасы және сауалнама парағы 22.12.2020 ж. бастап «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-saran және «KamaTyresKZ» ЖШС https://kama-tyres.kz сайттарында орналастырылатын болады.
Мына мекенжай бойынша құжаттармен қағаз түрінде танысып, ескертулер мен ұсыныстар қалдыра аласыз: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 67, Саран қаласы әкімдігінің ғимараты.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар sar_apparat@krg.gov.kz, n.yelizarova@allurauto.kz, postoffice@onhp.ru электронды пошталары арықылы қабылданады.
Ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.