ЖОБА
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Саран қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2.«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» Саран қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 08/01 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6557-09 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Саран қаласының әкімі |
|
Д. Бұлқайыр |
КЕЛІСІЛДІ:
Саран қалалық
сайлау комиссиясы